Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғандағы білім басқармасына қатысты атышулы іс: Антикор жаңа мәліметтер ұсынды

Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:18 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали 25 сәуірде Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала есеп бойынша, Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтері "өлі жандарға", үлестес тұлғаларға есептеу арқылы 2 млрд теңгеге жуық ақша ұрлады деп айтуға негіз бар. Аудит әлі жүргізіліп жатыр, бұл сома әлі нақтыланатын болады. Тінту барысында күдіктіден 1 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, оның едәуір бөлігі шетел валютасында болды".Асхат Жұмағали

Оның айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды.

Антикор басшысы күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде шамамен 14 пәтер, жеті коммерциялық үй-жайдың құжаттары табылғанын да атап өтті.

"Тергеу әлі жүргізіліп жатыр, соңғы қорытындыны сот шығарады. Біз шамамен есептедік: егер бұл қаражат көзделген мақсаттарға жұмсалғанда, онда Жетісу облысының әрбір мұғалімі қосымша 800 мың теңгеден ақша алар еді. Бұл тек бір аймақта, тек қалалық деңгейдегі білім бөлімінде болған жайт". Асхат Жұмағали

2023 жылы 19 сәуірде Талдықорғанда миллиардтаған соманы жымқырды деген күдікпен білім бөлімінің қызметкерлері ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, алдын ала залал көлемі – 2 млрд теңгеге жуық, одан бөлек істің фигуранттарына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанға,  қымбат автокөліктерге бұғат қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: