Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына университет статусын беруді ұсынды

Депутат Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына университет статусын беруді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 15:27 Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшеcі Жұлдыз Сүлейменова үкімет Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына университет статусын беруді ұйымдастырсын деп сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Amanat партиясы фракциясы ұлтымыздың ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтың қолтаңбасындай болған 50-жылдық тарихы бар Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын дамытуға байланысты мына  ұсыныстарды енгізеді.

  • Бірінші, ҚР үкіметі Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына университет статусын беру жұмыстарын ұйымдастырсын.
"Бұл оқу ордасының білім беру, ғылымды дамыту, халықаралық ынтымақтастықты арттырыумен қоса, Астана қаласы, Ақмола облыстары үшін сапалы ұстаздар даярлауға, педагогтардың тапшылығын шешуге мүмкіндік береді, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
  • Екінші, Иститутқа магистратура, PhD докторантура ашу қарастырылсын. Бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына арнайы педагогикалық квота бөлінсін.


"Институттың материалды-техникалық базасын нығайтуға, педагогикалық зертханалар, инновациялық методикаларды енгізу орталықтары, инклюзивты білімге ұстаздарды даярлайтын әдістемелік орталық, жатақхана және оқу корпустары ғимараттарына республикалық бюджетті бекіту кезінде нақты шаралар қабылдансын". Депутат
  • Үшінші, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты негізінде Академиялық артықшылық орталығын ашу жұмыстары жеделдетілсін.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: