Петропавлда қамыс өртеніп, 9 отбасы үйсіз қалды
Сурет: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
7 мамыр күні кешке қарай Петропавл маңындағы қамыс өртенген, кейін желдің салдарынан жекеменшік үйлерген түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми мәліметке қарағанда, 9 үй өртенген, оның жетеуінде адам тұрып жатқан.
40 адамды эвакуациялаған. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті өрттің 21:55-те өшірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
Сурет: СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Петропавловск.news сайтының жазуынша, бір адам ауруханаға түскен.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үйі өртенгендерге уақытша баспана берілетінін хабарлады.
"Өртенген үйдің тұрғындары №25 мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Төсек-орын, ас-су берілді. Тұрғындармен кездестім. Арнаулы комиссия құрылды. Үйі өртенгендерге уақытша баспана береміз", - деп жазды ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript