Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзеннің әкімі наразылық білдірушілерге: Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздер!

Митинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 18:20 Сурет: Facebook/Айбек Қосуақов
Бүгін бір топ жұмыссыз азамат Жаңаөзен әкімдігінің алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтындарын мәлімдеді. Facebook-тегі жазбасын осылай бастаған қала әкімі Айбек Қосуақов аталған жайтқа түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұрындары айтқанымдай - барлығын бір уақытта мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Мемлекет ұсынатын жұмысқа орналасудың барлық мүмкін нұсқаларын пайдалану қажет. Алайда, өкінішке қарай, біздің кейбір азаматтарымыз мұны тыңдағысы да, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланғысы да келмейді. Біз қолданыстағы алгоритм бойынша жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған адамдарға қиянат жасай алмаймыз. Әкімдік алдына наразылық білдіруге шыққандарды кезексіз жұмысқа орналастыра алмаймыз. Бұл әділетсіздік болады". Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов

Әкім жұмысқа орналасудың басқа баламасын ұсынатындарын жеткізді.

"Сіз "Жұмыс жасаймын" жобасы аясында жалақысы 140-тан 280 мың теңгеге дейін болатын бос жұмыс орындары тізбегіндегі жұмысқа тұра аласыз. Олардың көпшілігі үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес. Және де бұл мұнай-газ секторындағы кезегіңізді күтуге ешқандай кедергі келтірмейді. Меніңше бұл ұсыныс – жұмыссыз жүргеннен жақсы, отбасыңызға қолдау болары анық". Айбек Қосуақов

Қала басшысы Жаңаөзенде өз шешімін талап ететін бірқатар мәселе барын, әрине, оның бірі - халықты жұмыспен қамтамасыз ету екенін өз жазбасында баса атап өтеді. Бірақ көбінесе әріптестерімізбен бірге бар уақытымызды қаламыздың өзекті мәселелерін жүйелі шешуден гөрі митингілер мен ереуілдерге жұмсауымызға тура келеді.

"Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздер! Біздің есігіміз Сіздерге әрдайым айқара ашық. Көптеген қоғам белсенділері әртүрлі мәселелер бойынша түрлі комиссияларымыздың жұмысына араласып, қатысып келеді. Сіздердің көмектеріңіз әрдайым қажет және біз Сіздермен бірге одан да жақсы істерді атқара аламыз. Ортақ күш-жігерімізді халық мүддесіне жұмсай отырып, қаламыздың және оның азаматтарының өмірін жақсартатынымызға бек сенімдімін", деп сөзін түйіндейді ол. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: