Жаңалықтар тізбегі
0

Әлем чемпионатында өнер көрсеткен 13 боксшымыздың қаншасы жартылай финалға өтті

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 23:44 Сурет: Instagram/drs_kz
Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына бес қазақстандық боксшысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz мәліметінше, Әлем чемпионатының финалына шығу үшін Санжар Ташкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) өз бағын сынайтын болады. Олардың әрқайысы кемінде қола медальдан үмітті екенін айта кетелік.  

Бокстан Қазақстан құрамасы атынан 2023 жылғы Әлем чемпионатына 13 спортшы қатысты. Сәкен Бибосынов (51 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаевтар (+92 кг) жыртылай финалға жете алмай сүрінді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: