Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып, аударылып қалды
Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
11 мамырда Абай ауданындағы "Игілік" теміржол өткелі аралығында Игілік-Бадам темір жол учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қалалық ТЖД-ның хабарлауынша, аударылған вагондар жалпы саны 57 вагоннан тұратын "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында болды.
"Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі бүлініп, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді". Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына еш кедергі жоқ.
Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ құрамынан 55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты", делінген хабарламада.
Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript