Тараздық дәрігерлер 12 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алып шықты

шаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 22:30 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Тараз дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден асатын кесек шашты алып шықты, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде Тараздың 12 жастағы тұрғынына сирек диагноз қойылып, соның салдарынан асқазанда шаш кесегі (трихобезоар) жиналды.

Анасының айтуынша, қыздың кейінгі 6 айда іші жиі ауырған, тәбеті төмендеген, салмақ жоғалтқан. Олар емханаға гастроэнтерологқа барып, ем алған. Алайда нәтиже болмаған соң Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы балалар хирургына консультация алу үшін жүгінген, ауруханада арнайы зерттеп-қараудан (УДЗ, іш қуысының КТ, ФГДЭС) өткеннен кейін асқазанда бөгде зат табылды. Қыз шұғыл емдеуге түсті.

"Пациенттің асқазанынан шамамен 1,2 келі бөгде зат – трихобезоара (шаш кесегі) алынды. Мамандардың білігінің арқасында ішкі ағзаларға зақым келтірместен асқазан-ішек жолдарының тұтастығын сақтап қалған. Қазір қыз отадан кейін қалпына келіп жатыр".
Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: