Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасы, жазушы, ҚР жазушылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 15:09 Сурет: ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке Құлкенов 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. 

  • 1971-1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында ("Қазақстан пионері" газеті, Қазақстан телеарнасы, "Пионер" журналы, Қазақ әдебиеті (газет)) тілші;
  • 1993-1997 жылдар аралығында "Жалын" республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы;
  • 1997 жылдан бері "Ана тілі" республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,1991 жылдан қазіргі күнге дейін "Өлке" баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.

Бүгін Алматыда өткен Жазушылар одағының ХVI құрылтайында Нұржан Қуантай төрағаның бірінші орынбасары, Бауыржан Жақып екінші орынбасары, Қасымхан Бегманов үшінші орынбасары, Ғалым Қалибек төртінші орынбасары, Бейбіт Сарыбай бесінші орынбасары болып сайланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: