Жаңалықтар тізбегі
0

Британдық спорт шолушысы бокстан Қазақстан құрамасының капитаны туралы жазба жариялады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 11:47 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Британдық бокс шолушысы Тейлор о ' Хиггинс 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен Үндістан боксшысы Нишант Девтің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық бокс шолушысы Тейлор о ' Хиггинс Twitter-дегі парақшасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың соңғы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

"Жаңа ғана Дев — Шымбергеновтың жекпе-жегін қайта қарап шықтым. Бастапқыда 2:1 деген ұпайды тіркедім. Үндістан бокшысы пайдасына. Шымбергенов бірінші раундта белсенді болмады, аз соққылар жасады. Қазақ екінші раундта айқын жеңіске жетті, бірақ менің ойымша, Дев үшінші раундта әсерлі соққылар жасады. Дегенмен, соңғы раунд болғандықтан, менің ойымша, ең мықтысы жеңіске жетті. Нәтижеге қатысты проблема жоқ. Шымбергеновтың проблемасы - ол соққы жасалғанда үнемі тікесінен тікке кері шегінеді. Сондықтан өзі бірнеше рет ұсталып қалды. Ол бұғу, шегіну кезінде бұрыштарды көбірек өзгертуі керек. Ол кейде шыдамсыз Девты сол жақтан жасалған хукқа түсіре алғанымен, оның орнына тіке шабуыл жасап, қиын жағдайдан оңай шығудың жолын іздеген жөн болар еді", — деп жазды О ' Хиггинс Twitter-де.

Айта кетсек, 14 мамырда Асланбек Шымбергенов (71 кг) Өзбекстан боксшысы Саиджамшид Джафаровпен "алтынды" сарапқа салады. Алдында ол Үндістан боксшысы Нишант Девпен қолғап түйістіріп, үш раунд бойына созылған ауыр жекпе-жектің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: