Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау келісімшарты ұзартылды

Мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 19:50 Сурет: Zakon.kz
Жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау туралы келісімшарт 2034 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансОйл" АҚ "Роснефть" ҰК" ЖАҚ-мен Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының территориясы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасты.

Құжат 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

"ҚазТрансОйл" АҚ мен "Роснефть" ҰК" ЖАҚ арасындағы шартқа қосымша келісімшартты 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды, жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді", делінген "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ РФ шекарасы – ҚР шекарасы (Ертіс) – "Атасу (ҚР) – Алашаңқай" (ҚХР) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау қызметі ҚҚС есебінсіз бір тонна тарифке 15 АҚШ долларын құрайды, оның ішінде:

- "Атасу БМАС-қа" мұнайды ауыстырып тиеуді қоса алғанда, РФ шекарасы – ҚР шекарасы (Ертіс өңірі) – "Атасу" (ҚР) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін тариф 4,23 АҚШ долларын құрайды;

- "Атасу (ҚР – Алашаңқай" (Қытай) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін 10,77 АҚШ долларын қүрайды.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Қытай Халық Республикасына 3,2 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды. 

Айта кетсек, "Атасу-Алашаңқай" магистральдық мұнай құбыры "Қазақстан-Қытай" магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бөлігі болып табылады және "ҚазТрансОйл" АҚ (50%) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd бірлескен кәсіпорны болып табылатын "Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС-не тиесілі. (50 %).  "Атасу-Алашаңқай"  магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты - жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: