Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда балабақшаларға бала қабылдау басталды

Балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 18:22 Сурет: Zakon.kz
Алматыда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы жинақтау басталады. Ең алдымен бала бақшалардағы орындарды бөлу кезектен тыс (жеңілдікті) және бірінші кезектегі (кезегі келгендер) үшін жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына 13 000-ға жуық бала қабылдау жоспарлануда.

2023 жылғы 16-18 мамыр аралығында 2021, 2020, 2019, 2018 жылы туған балаларға арналған арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйымдарға орындар қолжетімді болады. Өзгелер үшін бос (қалған) орындар  2023 жылдың 19 мамырында таңғы 6:57-де қолжетімді болады.

Орындарды толықтыру кезінде бірінші кезектегілердің телефон нөміріне кезектің келгені туралы хабарлама келеді.

"Хабарлама алу кезінде ата-ананың немесе қамқоршының балабақшаға жолдама алу үшін үш жұмыс күні бар. Алынған жолдаманы мектепке дейінгі ұйымға бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажет. Осы уақыттан кейін жолдама жойылады. Бұл ретте баланың кезегі тоқтату парағына 10 күнге барады, онда ол бос орындарды бөлуге қатыса алмайды. 10 күннен кейін баланың кезегі қалпына келеді". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта  кетерлігі, орындарды бөлу процесі толығымен автоматтандырылған.

Әрі қарай жалпы үлгідегі мемлекеттік балабақшаларға жинақтау басталады:  

- Бірінші кезең 2021 жылы туған балаларға -  22 мамырда мектепке дейінгі ұйымдарға орындар қосылады. Кезегі келген балаларға бұл орындар 23-25 мамыр аралығында таңғы 7:00-ден бастап қолжетімді болады. Бос орындар (қалған) барлығына 26 мамырда таңғы 6:57-де шығады.  

- Екінші кезең 2021 жылы туған балаларға - 12 маусымда мектепке дейінгі ұйымдарға орындар қосылады. Кезегі келген балаларға бұл орындар 13-15 маусым аралығында таңғы 7:00-ден бастап қолжетімді болады. Бос орындар (қалған) барлығына 16 маусымда таңғы 6:57-ден шығады.

- Бірінші кезең 2020 жылы туған балаларға - 29 мамырда мектепке дейінгі ұйымдарға орындар қосылады. Кезегі келген балаларға бұл орындар 30 мамыр мен 1 маусым аралығында таңғы 7:00-ден бастап қолжетімді болады. Бос орындар (қалған) орындар барлығына 2 маусымда таңғы 6:57-де шығады.   

- Екінші кезең 2020 жылы туған балаларға - 19 маусымда мектепке дейінгі ұйымдарға орындар қосылады. Кезегі келген балаларға бұл орындар 20-22 маусым аралығында таңғы 07:00-ден бастап қолжетімді болады. Бос орындар (қалған) орындар барлығына 23 маусымда таңғы 6:57-ден бастап шығады. 5 маусымда 2019, 2018 жылы туған балаларға арналған орындар қосылады. Кезегі жақындаған балаларға бұл орындар 6-8 маусым аралығында таңғы 07:00-ден бастап қолжетімді болады. Бос орындар (қалған) орындар 9 маусымда таңғы 6:57-ден бастап қолжетімді болады.

"Мектепке дейінгі ұйымдар дүйсенбіде бос орындарды орналастырады. Сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде олар кезектен тыс және бірінші кезектегі балаларға қол жетімді болады. Жұма күні таңғы сағат 06.57-ден бастап қалған бос орындар барлық кезекке қол жетімді болады", делінген әкімдік хабарламасында.

Балабақшаларға жолдамасы бар балаларды қабылдау мектеп алдындағы топтан шыққан кезде жүзеге асырылады, себебі мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес мектепке дейінгі топтардың балалары 1 тамызға дейін балабақшаларға бара алады.

Еске салсақ, топтарды жинақтау, бос орындар туралы ақпарат, сондай-ақ жолдама алу жөніндегі нұсқаулық balabaqsha.bilimalmaty.kz. сайтында орналастырылған. Егер қолжетімді ұйымдардың тізімінде қажетті балабақша болмаса, онда бұл ұйымда бос орындар жоқ екенін білдіреді. Бос орындарды balabaqsha.bilimalmaty.kz сайтында "статистиканы қарау" бөлімінен көруге болады. 

Жүйе арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарының мәселелері бойынша balabaqsha.bilimalmaty.kz кіруге, Call-center-ге хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: