Жаңалықтар тізбегі
0

Академиктердің орташа жасы – 69: Саясат Нұрбек ғылыми кадрлар туралы айтты

Академиктердің орташа жасы – 69 жас: Саясат Нұрбек ғылыми кадрлар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 15:27 Сурет: primeminister.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжілістегі үкімет сағатында ғылыми кадрлардың әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазір ғылыми кадрлардың саны 22 456 адам екенін айтты. Ғылыми зерттеушілердің 37%-ы ғылыми және академиялық дәрежеге ие.

"Бұл көрсеткіш жоғары емес. (Ғылымдағы) жастарға келсек, жағдай жаман емес. 35 жасқа жейін жас ғалымдардың үлесі – 34%-ы, негізгі топ – 43% (35-54 жас аралығындағы ғалымдар), 55 жастан жоғары ғалымдар – 23%. Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына тоқталайын. Мұнда басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас. Қазір академиктердің орташа жасы – 69 жас". Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Министрдің мәліметінше, қазір 414 ғылыми ұйым бар. Олар – гранттық жобаларға және ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып жатқан ғылыми ұйымдар. Мемлекеттік сектордың, яғни министрлікке бағынатын ұйымдардың саны – 26%. 2015 жылы «Коммерциаландыру туралы» заңды қабылдағаннан кейін өсім 43% болды, яғни олар кәсіпкерлік-жекеменшік сектор ұйымдары.

"Қазір бизнес ақырындап ғылыми зерттеуге бет бұра бастады. Ғылыми зерттеу институттарына тоқталайын. Қазір жалпы мемлекеттік органдардың, ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың саны – 104. Оның ішінде нақты 92 ғылыми және іргелі ғылым институты бар". Саясат Нұрбек

Ең үлкен пайыз Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі – 33%, яғни 30 ғылыми зерттеу институты. Ал министрлікте 26 институт, сәйкесінше 28%. Жалпы бірнеше ведомствоға қарайтын, яғни Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Сауда және интеграция және тағы басқа.


"Ең көп қаржыландыруды алып отырған – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу институттары. Биыл оларға 19 млрд-қа жуық теңге, ал Денсаулық сақтау министрлігінің институттарына 35 млрд-қа жуық теңге қарастылған".Ғылым және жоғары білім министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: