Ақтөбе облысында мәслихат депутаты мемлекетке жарты миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті аудандық мәслихат депутатына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық монитринг агенттігінің мәліметінше, ол шаруа қожалығы атынан жоқ малға субсидия алуға өтініш берген.
Сондай-ақ, агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, депутат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.
"Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript