Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасына арналған халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 20:08 Сурет: ҚМДБ
18 мамырда Алматыда қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама-ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың 800 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

"Қазақ топырағынан шыққан ғұламалардың өнегелі өмірін, сіз бен бізге қалдырған рухани бай мұрасын жастарға, жалпы қоғамға дәріптеу – баршамыздың бұлжымас борышымыз, қасиетті парызымыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз өткен жылы көрнекті тұлғамыздың есімін дәріптеу мақсатында Астана қаласынан, Сығанақи даңғылының бойынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығнақи атындағы ислам институтын аштық". Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Қазақ жерінің тумасы Хусамуддин әл-Хүсейн бин Әли бин Хажжаж бин Әли ас-Сығнақи (Алла оны рақымына алсын) – исламтану, фиқһ, усул-фиқһ, ақида саласына мол еңбек сіңірген діни қайраткер, Ислам әлемінің көрнекті ғұламасы. Ол араб тілі жайлы үлкен еңбек жазған оқымысты, танымал лингвист. Ислам ғылымы мен білімінің дамуына сүбелі үлес қосқан, артына өшпес мұра қалдырған бірегей ғалым.  

Айта кетсек, халықаралық конференцияда Мысыр Араб Республикасы Президентінің Ислам істері жөніндегі кеңесшісі, әл-Азһар университетінің профессоры, шейх Усама әс-Саид Махмуд Мұхаммед әл-Азхари, Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі Махмуд Абдулхалек Абдулхалек әл-Фархани, сонымен қатар халықаралық Ислам ұйымдарының өкілдері баяндама жасап, ғұлама бабамыз жайлы тың деректерді бөлісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: