Жаңалықтар тізбегі
0

Президент "Орталық Азия – Қытай" саммитінде Ауғанстандағы жағдай туралы айтты

Президент «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Ауғанстандағы жағдай туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 11:26 Сурет: akorda.kz
Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде бүгінде елдеріміз екіжақты форматта да, бірқатар өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ынтымақтастықта екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прездиенттің сөзінше, ұжымдық күш-жігер арқылы біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетіп келеміз. Халықаралық саясаттағы қазіргі жағдай жаһандық саясаттың бәсекелес полюстері арасында көпір орнату үшін үлкен күш салуды талап етеді.

"Төраға Сидың "Жаһандық қауіпсіздік бастамасы" әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және қазіргі заманның бұрын-соңды болмаған сын-қатерлеріне шешуші жауап ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар Қазақстан Қытайдың Украина дағдарысын шешудегі сындарлы ұстанымын жоғары бағалайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға тоқталды.

"Ауғанстанға келсек, біз аймақ елдері үшін қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қатерлердің бірі әлі де сол елдегі жағдай деп санаймыз. Бұл елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін қолдауды жалғастыру маңызды. Тура бір ай бұрын Қазақстан Ауғанстан тарапына тағы бір көмек пакеті түрінде азық-түлік өнімдерін жөнелтті. БҰҰ аясында ауған халқына жан-жақты көмек көрсету қажет. Осы тұрғыда Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру бастамасы өзекті". Қазақстан президенті

"Мен айтқан бастамалар Қазақстанның «ауа-райы» қарым-қатынастарымыз бен жан-жақты ынтымақтастығымызды нығайтуға деген ұмтылысын растайды" деп атап өтті мемлекет басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: