Жаңалықтар тізбегі
0

Колумбияда ұшақ апатынан кейін жоғалып кеткен балалар іздестіріліп жатыр

Колумбия, ұшақ апаты, балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 15:18 Сурет: Colombian Civil Aviation Authority
Бұған дейін ел президенті Густаво Петро Twitter-де балалардың тірі табылғанын жазған. Алайда ақпарат расталмағандықтан, ол ақпаратты өшіріп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Колумбия әскерилері екі аптадан бері Амазонка джунглиінде ұшақ апатынан аман қалғандарды іздеп жатыр, деп мәлімдеді CNN.

17 мамырда Колумбия президенті Густаво Петро Twitter-де 13, 9, 4 және 11 айлық төрт баланың тірі табылғанын жазды. Бірақ 18 мамырда ол жазбаны өшіріп, оған Балаларды қорғау агенттігі берген ақпараттың расталмағанын айтып, кешірім сұрады.
"Болған жағдайға қынжылып отырмын. Әскери күштер мен қауымдастықтар ел күткен жаңалықты жеткізу үшін іздеуді жалғастырады. Олар табылмайынша іздеу жалғасады. Ең маңыздысы –  балалардың өмірі". Густаво Петро

Колумбия отбасылық әл-ауқат институтының (ICBF) директоры Астрид Касерестің сөзінше, іздестіру топтары 1 мамырда Колумбияның оңтүстігінде шағын ұшақ апатқа ұшырап, жоғалып кеткен балаларды құтқарып, олардың кім екенін анықтады-мыс.

Ол төрт баланың тірі табылғанына "өте сенімді" екенін, бірақ қосымша дәлелдерді күтетінін айтты.

ICBF мәліметі бойынша, Колумбия әскерилері жоғалған топты іздеу үшін шаш қыстырғыштары, пластикалық орамалар және нәресте бөтелкелері сияқты ұсақ заттар табылған маңды шолып шыққан.

Әскерилер Улисс есімді иттің арқасында таяқтар мен бұтақтардан жасалған баспанаға ұқсас орынды тапқаны хабарланады. Ол жерден қайшы да табылған. Әзірге төрт баланы тірідей табамыз деген үміт үзілген жоқ.
"Менің білуімше, оларда бәрі жақсы, біз олардың өте қиын күндерді бастан өткеріп жатқанын да түсінеміз, бірақ бұл балалар осы маңда жүрген әрі жағдайы да жақсы көрінген. Балалардың суреті қолымызға тигенше тоқтамаймыз. Біз алынған ақпаратты жоққа шығарып отырған жоқпыз, бірақ көзімізді жеткізгіміз келеді". Астрид Касерес

Колумбия қарулы күштерінің ауқымды іздестіру операциясы жергілікті байырғы қауымдастықтар тарапынан қолдау тапты. Іздеу ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен жүргізіледі. Жан-жақтан дауыс зорайтқыштардың көмегімен балалардың әжесінің даусы қойлып жатыр.

Тірі қалған балалардың фотосуреттері немесе бейнелері әлі жарияланған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: