Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшылары баспасөз жиынын өткізіп, есеп берді

Баспасөз конференциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:23 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің бірнеше басқарма басшылары БАҚ өкілдерімен баспасөз концеренциясын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, биыл Жамбыл облысында жол саласына жалпы 24,7 млрд теңге бөлініп отыр. Аталған қаражат есебінен 3,3 шақырым көше жолдары құрылыспен, 11,4 шақырым қайта жаңғыртумен және 777,3 шақырым жол орта жөндеумен қамтылатын болады. Бұл туралы брифингте Жамбыл облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов баяндады.

Оның айтуынша, барлығы 433 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде:

- "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасымен – 33 жоба немесе 242 шақырым (7,2 млрд теңге);

- "Ауыл-Ел бесігі" жобасымен – 215 жоба немесе  261 шақырым (6,3 млрд теңге);

- "Өңірлерді дамыту" бағдарламасымен – 4 жоба немесе 10,4/ 7,1 шақырымды жаңғырту, 3,3 шақырым құрылыс  (1,2 млрд теңге);

- "Моноқалаларды дамыту" бағдарламасымен – 2  жоба немесе 4,3 шақырым (0,4 млрд теңге);

- Жергілікті бюджеттерден – 179 жоба немесе 274,3 шақырым (7,7 млрд теңге)

"Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 1,9 млрд теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалады. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосатын болады", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов.

Сондай-ақ, ол көлік, әуе саласы мен өңірдегі автобустар қозғалысына қатысты атқарылған тірліктерді баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.


Мұрат Саурықов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:23

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ал, Жамбыл облысы әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан  Мейірмановтың айтуынша өткен жылдың қорытындысы негізінде облыстағы жұмыссыздар саны – 28,0 мың адамды құрайды, ал, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. 

"Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2023 жылы облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54 156 адамды тарту  жоспарланып, 1-мамырға барлығы 23 847 адам белсенді шараларға тартылды. Жоспар 44,0 пайызға орындалды. Сондай-ақ, жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45 242 адам болса, есепті кезеңге 16 863 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 37,3 пайызға орындалды. Сонымен қатар, 2023 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында электронды еңбек биржасына енгізілетін жұмыс орындарының жоспары  67 968 орын болып бекітілсе, оның ішінде тұрақтысы – 52 360 орынды құрап отыр (77,0%)". Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірманов


Ғалижан Мейірманов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:23

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Есепті кезеңге барлығы 22 321 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 32,8 пайызға орындалса, оның ішінде 12 374 адам тұрақты жұмысқа тұрып, жоспары 23,6 пайызға орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 955 адамды жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 978 адам жолданды.

"Олардың 48-і жұмыстарын аяқтап, 42 адам немесе 87,5%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Жастар практикасына 3 044 түлекті жолдау жоспарланып, есепті мерзімге  631 адам жолданды. Олардың  69-ы жұмыстарын аяқтап, 55-і немесе 79,7%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 765 жұмыссызды жолдау жоспарланып, есепті мерзімге  7333 адам жолданды. Олардың 494-і жұмыстарын аяқтап, 232 адам немесе  47,0%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты", - дейді аталған басқарма басшысының орынбасары.


Ғалижан Мейірманов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:23

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ал, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының атқарған жұмыстарына келер болсақ, биыл ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес өңірімізде анықталған 36 987 (NEET) уақытша бос жүрген жастың әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында, адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесінде өзектендірілген.Талдау жұмыстарының нәтижесінде уақытша бос жүрген 5 818 жас анықталыпты.

2023 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 8 988 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.Атап айтқанда, 3 106 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 553 жас онлайн оқытуға, 631 түлек жастар практикасына, 275 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 1 836 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 12 жас "Ұрпақтар келісім шарты" жобасына,  149 жас "Алғашқы жұмыс орны" жобасына, сондай-ақ 2 335 жас "Бастау-Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 91 жас қайтарымсыз грант алды.

2023 жылдың 1 мамырына облыс көлемінде 80 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері  ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 520 жұмыс беруші мекеме қатысып, 1 474 бос жұмыс орындары ұсынылды.

"Жәрмеңкеге 2 856 жұмыссыз қатысқан оның ішінде жастар саны - 172, мүмкіндігі шектеулі адам саны - 6, қалған адамдар - жергілікті тұрғындар.Жәрмеңке қорытындысымен 111 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 168 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 50 түлек "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына жолданған", - дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы.

 

Зұлпыхар Жомарт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:23

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


 

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: