Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдарламалау мен математикадағы әсерлі жетістік: Қазақстан оқушысы АҚШ-тан жүлделі оралды

Бағдарламалау мен математикадағы әсерлі жетістік: Қазақстан оқушысы АҚШ-тан жүлделі оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 10:39 Сурет: НЗМ баспасөз қызметі
Жас зерттеуші Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен Халықаралық ғылыми-инженерлік көрмеде (ISEF) Mu Alpha Theta академиясының 2-дәрежелі дипломы мен 1000 долларлық сыйлығына ие болды.

Оның зерттеу жұмысы мен бағдарламалау дағдылары қазылар алқасының назарын аударды және осы саладағы үлкен жетістік ретінде танылды.

ISEF – әлемдегі жас өнертапқыштардың ғылыми зерттеулері мен техникалық құрылғыларын ұсыну үшін жиналатын жарыс. Бұл іс-шара инновациялық идеялар мен шешімдерді, соның ішінде, талантты жастардың бағдарламалау саласындағы жетістіктерін көрсетуге арналған алаң.

Қазақстандық Сағын Жұмаділдаев қазылар алқасы мен көрмеге келушілерді өзінің жобалық жұмысымен таң қалдырды. Ол белгілі ғалым Мурдың аймақты тромино блоктарымен толтыру жайындағы әдісі аймаққа бір клетка қосылса да, немесе бір клетка алынып тасталса да қолданылатынын математикалық әдістермен дәлелдеді.

Mu Alpha Theta академиясының негізгі мақсаты – Ұлттық орта мектеп және колледж студенттеріне математиканы құрметметтеуге және математиканы үйренуге көмектесу. Mu Alpha Theta сыйлығы орта мектеп оқушыларына математикаға қатысты мәселелерінің жан-жақты мұқият және шығармашылық зерттеулері үшін беріледі. Сағын жұмысының ерекшелігін компьютер есептеулерінің дұрыс екенін анық математикалық дәлелдермен келтірді. Әсіресе баған саны төрт болса мектеп бағдарламасына негізделген әдемі де қарапайым әдісі бар екенін байқатты.

Сонымен қатар Сағын Жұмаділдаевтың жетістігі Қазақстанда және басқа елдерде ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында білім беруді дамыту мен қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламалау мамандары мен инженерлер қоғамда маңызды рөл атқарады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: