Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда мас ер адам бес жасар қызға тап берген

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 18:51 Сурет: pixabay
Талдықорған маңындағы "Үйтас" саяжай аумағында ер адам 5 жасар қызға тап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыпты екеу қызын көлікте қалдырып, жеке үйлердің біріне кіріп кеткен. Осы кезде жақын маңда жүрген ер адам балаға дүрсе қоя беріп, телефонын тартып алған, сонымен қатар көліктің қалта сандықшасындағы әтірді қолды қылып жасырынуға тырысқан. 

Айқайға басқан қызының дауысын естіп, есік алдына жүгіре шыққан әкесі ер адамды қуып жетіп, оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

"Ұсталған 22 жастағы жігіт мас болып шықты. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені белгілі болды. Қазір тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті УҰИ-ға орналастырылды", - деп хабарлады Талдықорған қаласы полиция департаменті. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: