Қызылордалық оқушы математиканы оқыту әдісін жетілдіретін жаңа кесте ойлап тапты
Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде білім алатын оқушның бұл жаңалығы «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай кестені көріп, ғалымдар да таңданысын жасырмапты. Нәтижесінде аталмыш байқауда Гран-при иегері атанды.
Қызылордалық оқушы Роза Садық математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Зерттеу жұмысының жүргізілу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына сандық куәлік берілді. Кесте "Роза – өлшем бірліктер кестесі" деп ресми аталды.
"Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктерді жұмыс істеудің әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді", – деді жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.
Айта кетейік, білім бәсекесінде 600-ге жуық қатысушының арасынан дара шыққан қызылордалық оқушының бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула ретінде енгізіліп отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript