Қазақстанда фастфуд қымбаттады
Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде фастфуд бағасы көбірек өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір айда фастфуд бағасы үш облыста айтарлықтай өскен:
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5,7%;
- Жамбыл облысында – 4%;
- Жетісу облысында – 2,2%.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады.
Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға:
- Батыс Қазақстан – 47,2%;
- Солтүстік Қазақстан – 44,4%;
- Шымкент қаласында – 37,9%;
- Атырау облысында – 33,8%;
- Жамбыл облысында 33,7% өсті.
Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript