Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы: ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие

Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 21:38 Сурет: akorda.kz
Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымға ЕАЭО-ның іргелі қағидаттарын да еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұраққа жауап бере отырып, Мемлекет басшысы одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындаудың қажеттілігі туралы айтқысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

"Енді Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Бұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді. Яғни, "төрт еркіндік" және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы экономикалық интеграция түпкі мақсат емес екенін де айтты.


"Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады.Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Тоқаев ЕАЭО инфрақұрылымын дамыту аса маңызды басымдықтардың бірі болып қала беретінін айтқан болатын. Сондай-ақ Президент форумдағы сөзінде ЕАЭО мен Қытайдың қарым-қатынасына тоқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: