Алматы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды
Сурет: Zakon.kz
Медеу аудандық №2 соты Алматы қаласы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды. Оларға 367 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
- Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға;
- "Қазақстан Гольф Федерациясы" РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға
- Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осы жылдың қаңтар айында Антикор Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 367 миллион теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Басты күдіктілердің бірі – Алматы қалалық спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов. Ол пандемия кезеңінде (2020-2021 жж.) қарамағындағы қызметкерлерімен коронавирус инфекциясына байланысты бақылау мен шектеулердің баяулағанын пайдаланып, ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына ақша аударғаны анықталды.
Алайда Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript