Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев СҚО басшылығына жаңа фермаларды іске қосу арқылы сүт өндірісін ұлғайтуды тапсырды

СҚО, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сүт өндірісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 14:59 Сурет: akorda.kz
Президент Солтүстік Қазақстан өңіріне сапарында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесіп, өндіріс көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы өндірістік жобаларға міндетті түрде қолдау көрсетілетінін атап өтті.

"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жеңілдікпен кредит беру өз тиімділігін көрсетті. Яғни, қаржыландыру жағынан мәселе болмауға тиіс. Сүт өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастыру керек. Бүкіл ел бойынша өз-өзімізді сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін деңгейге жетуіміз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы адал еңбегімен елді көркейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ауыл еңбеккерлеріне алғыс айтты.

Президент облыс басшылығына жаңа фермаларды іске қосу және қолданыстағы шаруашылықтардың өндірістік қуатын арттыру арқылы сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы СҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуі барысында жақында Мәскеуде өткен саммит қорытындылары аясында ЕАЭО-дағы басымдықтарға тоқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: