Жаңалықтар тізбегі
0

"Әл-Хилал" Мессиге 1,2 миллиард еуроның келісімшартын ұсынды

"ПСЖ", "Барселона", "әл-Хилал", футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 11:32 Сурет: Instagram/leomessi
Футбол әлемі әйгілі Лионель Мессидің қайда баратынын күтіп, елеңдеп отыр. "Пари Сен-Жерменмен" келісімшарты 30 маусымда аяқталатын аргентиналық футболшы "Әл-Хилалға" ауысуы мүмкін. Клуб Мессиге құны 1,2 миллиард еуро болатын екі жылдық келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аргентина футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жерменнің" 35 жастағы шабуылшысы қазір не "Барселонаға" оралатынын, не болмаса Таяу Шығыс клубына баратынын ойланып жүр, оған әлемде теңдесі жоқ керемет келісімшарт ұсынылады, деп жазды Foot Mercato.

"Әл-Хилалға" ауысқан жағдайда жылына 600 миллион еуро жалақы алатын Месси әлемдегі жалақысы ең жоғары спортшыға айналады. Қазір Мессидің жұмыстарымен айналысып жүрген әкесі мен ағасы әлемдік футбол тарихында ең көп комиссия ала алады.

Дереккөздің айтуынша, үлкен Месси бұл ұсынысты қабылдап қойған. Ойыншының өзіне келер болсақ, ол әлі де Еуропаның ең мықты клубтарының бірінде ойнаудан үмітті, ең ұтымды нұсқа – "Барселона".

Ал өткен демалыс күндері "Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Месси Франция чемпионы атанып, мансабындағы 43-ші кубогын жеңіп алды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: