Жаңалықтар тізбегі
0

Өңірлерде цифрлық майнингпен айналысушылар үшін тауарлық газ қаншадан сатылады

Тауар газ бағасы, цифрлық майнер, Энергетика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 17:56 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрлігі "Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті іске асыратын тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы"бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тауар газды көтерме сатудың шекті бағалары жылдық тұтыну көлемі 10 млн м3-ден асатын ірі коммерциялық тұтынушылар және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған.

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы: 

  • Астана қаласы – 43 361 тг;
  • Алматы қаласы – 53 254 тг;
  • Шымкент қаласы – 49 390 тг;
  • Ақмола облысы – 43 361тг;
  • Ақтөбе облысы – 19 619 тг;
  • Алматы облысы – 53 254 тг;
  • Атырау облысы – 13 712 тг;
  • Батыс Қазақстан облысы –18 078 тг;
  • Жамбыл облысы – 49 055 тг;
  • Жетісу облысы – 53 254 тг;
  • Қарағанды облысы – 43 361 тг;
  • Қостанай облысы – 40 353 тг;
  • Қызылорда облысы – 35 017 тг;
  • Маңғыстау облысы – 21 961 тг;
  • Түркістан облысы – 49 390 тг;
  • Ұлытау облысы – 43 361 тг;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 9 076 тг.

Құжат Ашық НҚА сайтында 13 маусымға дейін талқылау үшін жарияланған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: