Жаңалықтар тізбегі
0

Бірінші маусым күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, магистратура, тестілеу, грант, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 13:14 Сурет: pixabay
Бүгін, яғни бірінші маусым күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәлімет бойынша, тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді.

Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде ұсынылады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

"Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, ал бейінді магистратураға 50 балл . Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.

2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: