Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 19:02 Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Семей қаласында 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылы Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылды.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов  Шәкәрім мектеп-гимназиясында өткен шараға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерін құттықтап, ақ жол тіледі.  


Нұрбол Нұрсағатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 19:02

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Қаламызда биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 60 түлек "Алтын белгіге" үміткер, ал 155 түлек "Үздік аттестат" иегері атануға үмітті.


Соңғы қоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 19:02

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мерекеге орай "Семей қаласының мамандандырылған балалар үйіне" барды. Балаларға қаламыздың аниматорлары, ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылым мен өнер көрсетті.

Мерекеге орай, "Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Балалық шақ - ертегі әлемі!" атты шара өтті.


Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 19:02

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ, Семей қаласындағы "Қарағайлы" ықшам ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 27 отбасыға, көпбалалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді.


Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 19:02

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мерекелік бағдарламалар Ертіс жағалауында, Арена мәдени-спорт кешенінде, Әуезов алаңында, Арбатта жалғасын тапты.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: