Қазақстанда Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институты құрылады

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 16:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтының (ОАӨЭЫ) құқықтық мәртебесін, жұмыс тәртібін, міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.

Құжат сонымен қатар ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытады.

Келісімді ратификациялау мыналарға мүмкіндік береді:
  • ОАӨЭЫ институтының қазақстандық ғылыми жобалар бойынша  қаржыландыруы;
  • Қазақстан Республикасында ОАӨЭЫ институтының филиалын құру мүмкіндігі, бұл өз кезегінде жергілікті ғылыми әлеует деңгейінің артуына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, іскерлік туризмнің дамуына әкеледі.

ОАӨЭЫ институтын 11 мемлекет пен жеті халықаралық ұйым құрды. 2015 жылы 15 наурызда Үрімжі қаласында ресми түрде ашылды. ОАӨЭЫ елдері оның ҚХР-да орналасуына дауыс берді, өйткені Қытай үй-жайларды тегін берген және оның жұмысына қаржылық жарна ұсынған бірінші ел болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: