Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тағы бір жаңа техникалық университет ашылады

ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 18:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлытау техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Ұлытау техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын", делінген құжатта.

Университет Жезқазған қаласында жұмыс істейтін болады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен құрылатын аталған акционерлік қоғамға жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге бөлінсін.

"Оның қызметінің негізгі мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып айқындалсын", делінеді құжатта.

Құжат қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына 19 маусымға дейін орналастырылған. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: