Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокурорының орынбасары Франциядағы қымбат вилласына қатысты түсініктеме берді

Ұлан Байжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 19:21 Сурет: atameken.kz
ҚР Бас прокурорының орынбасары Ұлан Байжанов 7 маусымда Франциядағы құны 1 млн доллар болатын вилласына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері Ұлан Байжановтан Францияда қымбат вилласы бар екендігі туралы ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын және "қазір оның 1 миллион долларға сатылып жатқандығы рас па" деп сұрады.

"Бұл, расында сенімді ақпарат, оны ешқашан жасырған емеспін. Аталған жылжымайтын мүлікті бизнесте жүрген кезімде сатып алған болатынмын. Оның өзіндік себептері болды. Қызым ауырып, біраз уақыт Еуропада болуыма тура келді", - деді ол.

Ол мемлекеттік қызметке кірісер алдында, заңға сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді осы жылжымайтын мүлікпен қоса барлық жиған-тергенін тізбектеп декларация өткізгенін айтты.

"Бұл ақпараттың барлығы декларацияда ашық көрсетілген, ол арада арнайы тексеру жүргізіледі, бұл 13 жыл бұрын болған (жылжымайтын мүлікті сатып алу – ред.), маған қатысты ешқандай сұрақтар туындаған жоқ. Әсіресе жоғары саяси лауазымдарға тағайындау туралы сөз болғанда, тексеру өте мұқият жүргізіледі. Сондықтан одан сенсация жасаудың қажеті жоқ", - деп Бас прокурордың орынбасары БАҚ өкілдеріне басу айтты.


Оның айтуынша, Еуропаға барып тұру қажеттілігі болмағандықтан вилланы сату туралы шешім қабылданған.

"Біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз ғой, оның үстіне белгіленген баға - бұл нарықтық мәселе және сатып алушы табылып жатса, әрине оны сатамыз. Ақша елге қайтады, ел экономикасына оралады", - деп сөзін түйіндеді Ұлан Байжанов.

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов 24 ақпанда ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: