Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу тауларында алматылық тиктокер жоғалып кетті

Жетісу облысы, тик-токер, тау, адам, Жетісу облысындағы таулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 13:20 Сурет: Zakon.kz
Хабар-ошарсыз кеткен тиктокер Дамир Кушеев Жетісу облысының тауларында іздестіріліп жатыр. Zakon.kz сайтына өңірлік полиция қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы жігіт Текелі қаласының маңындағы тауларда жоғалып кеткен.

Дамир Кушеев 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорттық велосипедпен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шай беріп, дәм ауыз тигізген.

"Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмек сұрап Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті". Жетісу облысы полиция департаменті
Текелі, Жетісу облысы ПД, тик-токер, Жетісу облысындағы таулар, тау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 13:20

Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомство қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар иттерімен оны іздеп жатқанын хабарлады.

Дамир Кушеев көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар.

Полицейлер ол Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болғанын атап өтті.

"Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 либо 112".Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: