Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды

Астана, Астана халықараралық форумы, Аралды қолдау қоры, экология, климат, "жасыл" экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 12:11 Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық форумында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін форум қатысушыларын Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түсетінін алға тартты.

"Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ",– деді Қазақстан президенті.

Бұған қоса ол аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды.

"Еліміз "жасыл" экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және "жасыл" экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев Астана халықаралық форумы кезінде Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасалатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: