Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы өртті сөндірушілерге волонтерлар қызмет көрсетуде

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 21:59 Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Волонтерлар Абай облысындағы орман өртіне қарсы күреске белсенді қатысып, өртпен алысып жатқан мамандарға көмек көрсетіп жатыр. Олардың негізгі міндеті – өрт сөндірушілерге ыстық тамақ әзірлеп, жеткізіп отыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өрт сөндіру бригадаларының жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін волонтерлар жақын ауылдық елдімекендерде ыстық тамақ дайындап, оны қажетті жеріне жеткізеді. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында бүгінгі таңда 1000 литр таза ауыз су, 200 келі қой еті, 200 келі жарма, 5 қорап консерві, 1000 нан өнімдері, 50 келі пияз және басқа да қажетті өнімдер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 4 тонна ауыз су жеткізіп берді", делінген хабарламада.

Аталған жағдайға бей-жай қарай алмаған азаматтар да өз бетімен өрт сөндірушілерге ауыз су, пластикалық ыдыс-аяқ, азық-түлік және жеке күтім құралдарын әкеліп беріп жатқаны да аталып өтіледі. Волонтерлар Бородулиха және Успенка ауылдарында орналасқан далалық асүйлерде жұмысына да қолдау білдіруде. 


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 21:59

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ыстық тамақты үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге шамамен 80-ге жуық волонтер тартылған, олардың 40-ы жеке көлігін пайдалануда. Семей қаласының тұрғындары да бұл процеске ат салысуда.

Айта кетсек, өрт аймағында тек дайындалған арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр және қазіргі уақытта қосымша жұмыс күшінінің қажеттілігі жоқ". Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: