13 маусымдағы саудада доллар қымбаттай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 16:01 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге көтеріліп, 448,62 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы өсіп, 62,48 теңге (+0,03) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 482,21 теңге, рубльді 5,43 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446-449,5 теңге, еуро 484-488,5 теңге, ресей рублі 5,27-5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал мұнайдың әлемдік бағасы түсіп барады.

Астана уақытымен 15:30-дағы жағдай бойынша Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,02%-ға арзандап, 72,85 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы  фьючерстерінің бағасы барреліне 0,68%-ға түсіп, 67,78 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: