Астанадағы банк ғимаратында қаруы бар ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отыр
Сурет: polisia.kz
Астанадағы банк ғимаратында қаруы бар ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.
Полиция департаменті таратқан және әлеуметтік желілердегі фото, видеолардан бұл аумақ қоршауға алынып, адамдардың өтуіне тыйым салынғанын көруге болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript