Қызметкердің дөрекі мінез-құлығы және төлемнің заңсыз қымбаттауы: Қазақстан тұтынушылары неге наразы
Сурет: Zakon.kz
Елімізде тұтынушылардың құқығын бұзу туралы өтініштер жыл сайын 20% өседі. Бұл туралы 19 маусымда өткен үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы министрлікте 30,2 мыңнан астам өтініш қаралған. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалып отыр. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш түскен.
Өтініштердің үлес салмағы бойынша мына салалар «көшбасшы» болып тұр:
- бөлшек сауда – 48%;
- ұрмыстық қызметтер – 19%;
- электрондық сауда – 9%;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 5,6%.
Өтініштердің саны мына салаларда ең көп өскен:
- қоғамдық тамақтану – 188%;
- көлік қызметі – 143%;
- медициналық қызмет – 113%;
- байланыс қызметі – 102%.
"Бұл ретте, тұтынушылардың шағымдарының саны істердің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет. Өйткені құқығы мен заңды мүддесі бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді. Бұл жүргізілген социологиялық зерттеулермен расталады", - деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Елімізде азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді:
- медициналық қызмет – 39,3% (медицина персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен біліксіздігі, үлкен кезектер, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасыздығы);
- байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3% (абоненттік төлемнің заңсыз қымбаттауы, интернет қызметінің сапасыз көрсетілуі, тарифтік жоспардың құнының ұлғаюы мен өзгеруі);
- қоғамдық көлік қызмет – 30,7% (көлікпен тасымалдау ережелерін бұзу, персоналдың дөрекілігі, қолма-қол ақшалай және ақшасыз есептесу);
- қоғамдық тамақтану – 24,4% (персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен қызметтердің сапасыздығы, сапасыз тамақ, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы).
Министрдің айтуынша, өңірлерде тұтынушылардың құқығы бұзылатын ең өзекті салалар да анықталған. Осыған байланысты мемлекеттік органдар өздері реттейтін салалардағы азаматтардың наразылығының түпкі себептерін анықтауға талдау жүргізуі қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript