Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның қазіргі ұстанымын айтты

Украина, Астана, Ресей, Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 16:58 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 20 маусым күні Германия Федералды президентімен кездесуі барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын тағы да айқындап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күрделі мәселеге қатысты ел ұстанымын айқындағанын жеткізді.

Біріншіден, оның сөзінше, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз.

Екіншіден, Президент Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет екенін айтты.

"Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз. Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз", – деді Қазақстан Президенті.

Бұған қоса ол Украинадағы жағдайға қатысты Ресеймен стратегиялық серіктес және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өтті.

"Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау".Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: