Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы бір магнит дауылы болады деп болжанды

Тағы бір магнит дауылы болады деп болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 11:14 Сурет: pexels
Астрономдардың хабарлауынша, Күннен Жерге қарай тәж сәулелер түседі. Сондықтан 23 маусым күні жер тұрғындары магнит дауылының әсерін сезінуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарыштық ауа райын бақылайтын Spaceweather сайтының хабарлауынша, бұл - 20 маусымда болған X1 жарқылының салдары. Оның қалдығы Жердің жанынан өтеді деп болжанған. Бірақ қайта зерттеу ондай емес екенін көрсетті.

Дауылдың күші G1 класына сай келеді, яғни ол әлсіздер санатына жатады. Бірақ ауа райына тәуелді адамдар денесінде бірқатар белгіні байқауы мүмкін. Атап айтқанда, бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, буын ауруы, шаршау, ұйқысыздық болуы мүмкін.

Магнит дауылынан аман өтуді жеңілдету үшін мамандар мына әрекеттерді кеңес етеді:

  • Көбіне өсімдік текті жеңіл тағамдарды жеңіз.
  • Мүмкіндігінше сұйықты ішіңіз (газсыз таза су, жылы шөп шай).
  • Дене белсенділігінің артуына жол бермеңіз (шамадан тыс жұмыс істемеңіз).
  • Таңертең жеңіл жаттығу жасап, контрастты суға түсіңіз. Ал кешке эфир майы қосылған жылы суға жатыңыз.
  • Мүмкіндігінше ашық ауада жүріңіз. Сүйікті іспен айналысыңыз және мүмкіндігінше көп жағымды эмоциялар алу үшін отбасыңызбен және достарыңызбен уақыт өткізіңіз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18-24 маусым аралығында ең ұзақ магнит дауылы болады деп болжанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: