Шемонаихада жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында газ құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денесін 100 пайыз күйік шалған екі адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды, деп мәлімдеді КТК арнасы. Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат күрескенімен, екеуін аман алып қалу мүмкін болмаған.
Ал жеңіл жарақат алған екі науқастың жағдайы жақсы.
Екі науқас дәрігерлердің бақылауында. Қазір ем-дом алып жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Денесі күйіп қалған екеуі хирургия бөліміне жатқызылған.Шемонаиха ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сұлтанбек Битеміров
22 маусым күні Шемонаиха қаласындағы жойқын жарылыстан төрт адам жарақат алып, бес көлік зақымданған.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы сол күні жарылыс салдарынан төрт адамды термиялық күйік шалғанын мәлімдеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript