Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары жұмыс істей бастайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3 шілде күні ҚР бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітілетінін мәлімдеді. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар мәртебесі берілді.
Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне:
- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру..
Әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік инспекторларды енгізумен күшейтілетін мемлекеттік бақылау жүйесі (Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстерге сәйкес меншіктің барлық нысандарының объектілерін тексеруді жүзеге асыру) құрылғанын атап өту қажет, бұл 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды және ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыруда оң нәтиже береді.
Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларына арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету туралы функциялар беріледі.
"Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік инспекторлар тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарым шығаруға уәкілетті болады".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігнің баспасөз қызметі
1 шілдеде Әлеуметтік кодекс аясында мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері орта есеппен 14,5%-ға өседі.