Қызды жерасты автотұрағына апарған ер адамның видеосы қатысты полиция түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 20:31 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының полиция департаменті қызды қос қолымен көтеріп алып, жерасты автотұрағына түсіп бара жатқан ер адамның видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видео әлеуметтік желіде тараған. Автор видеодағы ер адамның кәмелетке толмаған қызды жерасты автотұрағына алып баруы бірінші рет емес екенін айтады. Сондай-ақ, автор ер адамның 6-7 жастағы қыздардың ұятты жеріне қол тигізгенін көргенін айтады.

"Менің қасымда тағы бір әйел болды. Екеуміз оның артынан жерасты автотұрағына түстік. Қыз қорқып, бұрышта тұрды, ал менің қасымдағы әйел оған ұрсып берді, ауладағы қыздарға да: "Неге бөтен ер адаммен жүресіңдер" деп. Ал ер адам болса, сол кезде бәрімізге қарап үндемей ыржаңдап тұрды", - дейді видео авторы.


Талдықорған полициясы аталған видеоға қатысты түсініктеме берді. Олар бұл оқиғаға қатысты барлық жағдай тексерілгенін жеткізді. 

"Анасының өтініші бойынша қызға туған ағасы қарап қалған, екеуі бірге ойнағаны анықталды". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Өскеменде бір топ құрбысы жабыла сабаған қыздың ісіне қатысты сот үкімі шыққаны белгілі болды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: