Желіде сабалған қыздың тағы бір видеосы жарияланды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 15:19 Сурет: freepik
НеМолчи.kz қоры белгісіз бір қыздың соққыға жығылғанын сипаттайтын кезекті видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видеоны қор басшысы Дина Смайылова Telegram-дағы арнасында жариялады.

Бұған дейін ол Алматыда бір қыздың сабалып, тістері түсіп қалғанын айтқан болатын. Өзін зорлайды деп қорыққан қыз үшінші қабаттан секіріп кеткен. 

Смайылова полицияның жәбірленуші шағымданудан бас тартты деген желеумен бұл істі мұрағатқа жібергенін айтады. 

Смайылова жарияланған видеодан жәбірленуші қыз өзін ұрып-соққандарды танып отырғанын баса атап өтті.

"Біздің қорғауымыздағы қыз осы видеодан өзіне қастық жасағандарды танып отыр. Оны тура осылай қатыгездікпен соққыға жыққан. Ол өзін дәл осы қыздар ұрып-соғып, еркектерге сатамыз деп қорқытқанын айтады", - деп жазады Дина Смайылова.

Zakon.kz редакциясы Алматы қаласының полиция департаментіне бұл мәселеге қатысты сауал жолдады. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. 


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: