Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесуіне қатысты іс Талдықорған сотында қаралмайды
Бұл туралы прокурор Басшыбаев арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті.
"Бұл қылмыс Жетісу облысының территориясында емес, басқа өңірде орын алған. Сондықтан іс сол жақта зерттелуде. Неғұрлым сенімді ақпарат алу үшін ресми сауалмен сол өңірдің прокурорына жүгінулеріңіз қажет", - деді Мадияр Басшыбаев.
Прокурор экс-генералдың соты қай облыста өтетінін нақтылаған жоқ.
2023 жылы 3 сәуірде Алматы облысы ПД-ның бұрынғы бастығы сотқа келмеді, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекараны кесіп өтпегенін мәлімдеді. Алматы облысы ПД-ның экс-бастығына қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша 12 сәуірде Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.
27 сәуірде ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлімдеді.
14 маусымда Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтың қашуына қатысы бар күдіктінің ісі сотқа жолданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Алматы облысы ПД-ның экс-басшысы мемлекеттік шекараны қалай және қай арадан кесіп өткенін айтты.