Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр кезінде 44 адам қаза тапты
Сурет: unsplash
Өткен аптадан бері толассыз жауған жаңбыр Оңтүстік Кореяның өңірлеріндегі көшкін мен су тасқынына себеп болды. Табиғи апат салдарынан 44 адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары кезінде бір құтқарушы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Корея билігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең елде толассыз жауған жаңбырдан 44 адам көз жұмды.Тағы мыңдаған адам үйін тастап қашуға мәжбүр болды, деп жазады Yonhap.
Жауын-шашын кезінде адамдарды іздеуге арналған құтқару операциясына қатысқан теңіз жаяу әскерінің бір сарбазы қаза тапты. Оны өзен ағысы алып кетті. Әріптестері құтқармақ болып талпынғанымен, еш қайран болмады.
Аптаның соңында аймақта тағы да қатты жауын жауады деп болжанды және билік ықтимал жағдайға мұқият дайындалуы керек, деді сәрсенбі күні таңертең премьер-министр Хан Док Су.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript