Оқу-ағарту министрлігі баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналарға үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналарға үндеу жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 17:14 Сурет: primeminister.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.
"Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сонымен бірге денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фото қоса беріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 4 айда 350 453 өтініш түсті, 1-сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%, қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. 

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: