Қаскелеңде әйелдер арасында төбелес болды
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, кейбір әйелдердің қолында бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.
Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында бүгін, 2023 жылғы 24 шілдеде болған.
"Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, олардан жауап алынып жатыр". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Өскеменде дәмхана маңындағы төбелес те видеоға түсіп қалған. Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды. 2023 жылдың 24 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті үш күдіктінің анықталғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript