Алматы облысының алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды
Негізгі баяндаманы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытгүл Төлебекова жасады. Оның айтуынша, өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 716 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,2 пайызға артық.
Өнеркәсіп құрылымындағы ең үлкен үлесті немесе 90 пайызды өңдеуші сектор алады. Жалпы, салада 9 жаңа өндіріс іске қосылды, 4 жұмыс орны кеңейтілді, қосымша 352 жұмыс орны құрылды. Алайда Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар және Ұйғыр аудандарында бірде-бір өнеркәсіптік нысан іске қосылмаған. Индустрияландыру картасы аясында 657 жұмыс орнын құрумен 56,2 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде Іле ауданында қуаттылығы жылына 80 кг алтын болатын «Доре» алтын күміс қорытпасын өндіретін «Аметист» гидрометаллургиялық цехы іске қосылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытгүл Төлебекова
Бұдан басқа, баяндамада экономиканың басқа да секторларындағы жетістіктер айтылды. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 3,6 пайызға өсіп, 179,2 млрд теңгені құрады. Бұл - республика бойынша екінші көрсеткіш. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бюджеттен 34,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялар – 31 млрд теңге. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы өткен жылмен салыстырғанда 1,7 мың гектарға артып, 459 мың гектарды құрады.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері де назардан тыс қалған жоқ. Бұл бағытта 4,2 млрд теңге сомасына 8 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылы 5 нысан пайдалануға беріледі. 3 нысан - келесі жылға ауысады. Оған Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Райымбек ауданының Нарынқол ауылдарындағы емханалар, сондай-ақ Кеген ауданының Нүсіпбеков ауылындағы дәрігерлік амбулатория жатады. 6 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, 20 медициналық пункт үшін блок-модульдік кешендер орнатылады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңге бөлінді. Барлық нысандар бойынша тамыз айының соңына дейін тендер қорытындысы шығарылады. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,5 млрд теңге бөлінді.
Облыс әкімі бірқатар облыстық басқармалардың басшыларын тыңдады. Соның ішінде ТҮКШ саласына ерекше назар аударылды.
Соңғы уақытта бірқатар аудандарда халықты сумен қамтамасыз етудегі іркілістерге қатысты шағымдар жиілеп кетті. Әкімнің сынына энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбілқасымов жауап берді. Ағымдағы жылы 9,5 млрд теңге сомасына 28 жоба іске асырылуда. 534 шақырым су құбыры желілері салынады және қайта жаңартылады. Осылайша, 2022 жылдың соңына қарай сумен жабдықтаудың жаңа желілерін салу және реконструкциялау есебінен желілердің тозуы 54,3 пайызға дейін төмендейді.
Ағымдағы жылы 66 сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,2 млрд.теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023-2024 жылдары жүргізу жоспарланып отыр, - деді Әбілқасымов.
Отырыс барысында облыс әкімі аудан әкімдері мен салалық басқармаға осы мәселеге ерекше назар аударуды тапсырды.Отырысты қорытындылай келе, Марат Елеусізұлы аудан әкімдерінің жұмысын бағалаудың жаңа әдістемесі туралы айтып берді.
Менің тапсырмам бойынша аудандар мен қалалар әкімдерінің жұмысын бағалау үшін 61 көрсеткіштен тұратын рейтинг дайындалды, оның ішінде қазір 42 көрсеткішті бағалауға болады, ал қалғандары бойынша жұмыс 9 ай мен жылдың қорытындысы бойынша жалғасады. Бірінші рейтинг нәтижесі бойынша Іле, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласы көш бастап тұр. Райымбек, Балқаш және Жамбыл аудандары көштен қалды. Әкімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауы қажет. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
Сонымен қатар, облыс басшысы бүгінде азық-түлік бағасының өсуін тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермейтінін атап өтті.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармалары, «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар әкімдермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұтыну және өндіру теңгерімін есептеуді жүргізіп, сондай-ақ тауарлар экспорты мен импорты арасындағы сауда теңгерімін егжей-тегжейлі талдап, тауарлар экспорты мен импорты кезінде өнім өндірісін одан әрі ұлғайту үшін экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдаумен қамтуды «Қазақстанда жасалған» бренді.
Сондай-ақ Шеңгелді ауылының маңында көтерме-тарату орталығын салу жөніндегі жұмысты жандандыру және «Алтын Орда» базарына ұқсас Алматы қаласының қарама-қарсы бөлігінде көтерме-бөлшек сауда базарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу қажет.Сондай-ақ, халықтың азық-түлік қауіпсіздігі үшін егін жинауды сапалы және уақтылы жүргізу қажет.
Ауыл шаруашылығы басқармасына, аудандар мен қалалар әкімдеріне қарқынды технологияларды қолдана отырып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін еліміздің озық ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жұмысты жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар, білім басқармасымен бірлесіп аграрлық сектордың тапшы мамандарын даярлау бойынша білім беру гранттарын ұлғайту тапсырылды.
Отырысты қорытындылай келе, Марат Сұлтанғазиев облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.