Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатарда

Жамбыл облысы Әкім Экономика Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде ағымдағы жылдың 11 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен  жылдың болжамды қорытынды көрсеткіштері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жзасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова осы жылдың қаңтар-қараша айларында облыстың экономикалық өсімі 105,6 пайызды құрағанын айтты.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 4,5 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы саласында — екі пайызға, құрылыста — 10,2 пайызға, тұрғын үймен қамтамасыз етуде — 18,5 пайызға, жеке инвестицияларда — 7,7 пайызға, саудада — 6,6 пайызға өсу қамтамасыз етілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік саласындағы көрсеткіштер 7,7 пайызға өсті. Бюджет 98,9 пайызға игерілді.

Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үшінші орында тұр.

Жамбыл облысы Бердібек Сапарбаев Әкім Қорытынды

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл қорытындысымен экономикалық өсімнің жоғары қарқыны сақталады деп күтілуде. Дегенмен, аталған басқарма басшысы кейбір аудандар қойылған міндеттерді орындай алмауы мүмкін екенін атап өтті.

Аудан әкімдері мен басқарма басшылары жыл қорытындысы бойынша барлық нысаналы индикаторлар орындалатынына сендірді.

Аймақ басшысы жалпы көрсеткіштерді жақсы бағалағанымен, жұмысы сылбыр аудандар мен басқармаларды сынға алды. Облыс әкімі белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет қаражатының игерілуі бойынша көрсеткіштерге тоқталды.

Аудандарға жұмыс сапарымныңбарысында тұрғындармен кездесіп, жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талқылап жатырмыз. Аудан әкімдері өздеріне алған міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл бюджетті игеруге де қатысты. Бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, ұтымды ұқсату керек.Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысы Бердібек Сапарбаев Әкім Жыл қорытындысы

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты жағдай да қаралды.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына, аудан әкімдіктеріне тұрғындарды вакцинациялау және ревакцинациямен қамтуды арттыру, халық арасында Pfizer препаратымен вакцинациялау, ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев шетелде вирустың жаңа штаммының таралуын ескере отырып, шекаралық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: