БҚО-да Орал-Бұзылық тас жолы толық жөндеуден өтті
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Биылғы жол құрылысы маусымы аясында Батыс Қазақстан өңіріндегі республикалық маңыздағы Орал-Бұзылық күре жолы толық жөндеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күре жолдың жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Асфальтобетон жабыны ауыстырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 45 арнайы техника мен 60 маман жұмылдырылды. Сонымен қатар, "Самара-Шымкент" автомобиль жолының үш учаскесі жөнделді (298-330, 408-443, 511-526 шқ аралықтары). Орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің жалпы ұзындығы 82 шақырымды құрайды.Биылғы құрылыс маусымы аясында Батыс Қазақстан өңірінде жалпы 110 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ басшысы Қазбек Мәмбетов
Жалпы, биыл Батыс Қазақстан өңіріндегі республикалық күре жолдарға 350 мың тонна асфальт төселген.
Бірқатар проблемалық мәселелерге қарамастан, жалпы алғанда, биылғы құрылыс-монтаждау жұмыстарында өткен жылмен салыстырғанда ілгерілеу байқалады. Мәселен, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған арнайы техника мен маман саны екі есе артты. Қазір екі нысанда 700 маман еңбектеніп, 600 арнайы техника жұмыс істеп тұр. Жол қызметкерлерінің 90%-ы жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 4 асфальтбетон зауыты жұмылдырылды. Егер өткен жылы шамамен 41 шақырым асфальт төселген болса, биыл мердігер ұйымдар 75 шақырым асфальт төседі. Аталмыш күре жолдардың 122 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Қазбек Мәмбетов.
Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ басшысы "Подстепное-Федоровка" республикалық трассасын жөндейтін мердігер ұйымдар анықталғанын атап өтті. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңыздағы 110 шақырым жол қамтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript